Таксиші
Жұмысқа асығып, жиналысқа кешігіп бара жатқан соң, такси тоқтата салдым. Жүргізуші бір ақкөңіл адам екен жол бойы тынбай әңгіме айтып келді. Жұмысқа жеткен соң, қалтамнан 450 теңге таппай 500 теңге бердім. Апыр-топыр болып қалтасын ақтарып, тиын-тебен іздей бастады. Ал мен болсам, бір аяғым сыртта, бір аяғым іште, күтіп отырмын. Болмаған соң: - 50 теңгесін ала салыңыз! – деп едім, маған қарап: - Уақытыңыз бар ма? - деді. -Иә,- дедім. (Бір аяғым әлі сыртта) Көлігін өшірді. Жол көлікке лық тола еді. Көлігінен түсіп, алдымыздағы дүкенге жүгіріп барып, ақшасын ұсақтап, 50 теңге әкеліп берді. Мен болсам: - Бауырым, егер жолақым 550 теңге болғанда, менен 50 теңге сұрармедің?- деп едім: - Оны қайтем сұрап,- деді. - Ендеше неге ала салмадың?- десем, маған бұрылып: - Уақытыңыз бар ма?- деді. - Бар,- дедім. - Онда есікті жабыңыз,- деді. Ашық мінезді таксистпен жүзбе-жүз қалдық. 5 минуттай сөйлестік. Бүгінге дейін ешқандай профессордан естімеген сабағымды осы кісіден үйрендім. Ол мынау еді: - Біз отбасымызда бес ағайындымыз ,- деп бастады. Әкем құрылысшы болып, жұмысы тұрақсыз болатын. Жұмыс шыққан күні үйге көңілді болып қайтатын, ал болмаған күні түр-әлпетінен түсінетінбіз. Тұрмысымыз төмен отбасы болатын. Тамақты жерде отырып ішетінбіз. Тамақ ішіп болған соң әкем «Тоқтаңдар, тұрмаңдар!» - дейтін. Алдымен дастарханға бата қайыратын, сосын бізге ақыл-кеңестерін айтатын. - Жақсы екен. Мамандығым «семинаршы» еді, әкеңіз не үйретуші еді? - Өмірде жетістікке қалай қол жеткізу керектігін айтатын. Бір қызығы әкем жұмысқа кеткенде, үлкен ағам әкемнің роліне кіріп, тесік шұлықпен шалбарының қалталарын сыртқа шығарып: «Адал болыңдар, үйлеріңе харам табыс әкелмеңдер!» десе, бәріміз жатып мазақтап күлетінбіз. Ал анам байғұс шырылдап: «Әкелеріңді мазақтамаңдар. Ол жақсы адам, еңбекқор» деп айтатын. Біздің бір бай көршіміз болатын. Оның екі баласы болатын. Балаларына қалаған нәрселерін алып беретін. Ал біз солардың ескі-құсқы киімдерін киетінбіз. Әкем қайтыс болған соң, алты айдан кейін әлгі бай көршім де қайтыс болды. Оның екі баласына бес қабатты үйі, фирмасы мирасқа қалса, ал біздің әкемізден не қалды деп ойлайсыз? - Иә, не қалды? - Дүкеннен алған қарыздары мен «Балам, әрқашан адал бол, ешкімнің ақысын жеме!» дейтін ақыл-кеңестері қалды. Содан қазір 15 жыл өтіпті. Әлгі екі бала түрмеде жатыр. Үйі де, фирмасы да жоқ. Ал біздер отбасын құрап, бала-шағалы болып, үй алып, астымыздағы көлігімізбен күнімізді көріп жүрміз. Өткенде ғана үлкен ағамыз үйіне қонаққа шақырған болатын. Сонда ағам: Негізгі мирасты біздің әкеміз қалдырыпты,- деп айтқанда, бәріміз еріксіз көзімізге жас алған едік. Шынында да қарап отырсақ, осы уақытқа дейін біреудің бір тиын ақшасын жемеппіз. Қазір шүкір, ешкімнен кем емеспіз. - Иә, өмір дегенің алма-кезек. - Бір қызығы қай жерде тұрасыңдар деп сұрамайсыз ба? - Иә, қай жерде? - Әлгі көршіміздің бес қабатты үйінде тұрамыз. Оны біз сатып алған едік. Қазір бәріміз Мінекей балалар, кейбір адамдар бала-шағаларына машина, үй, басқа да мал-мүліктерін мирасқа қалдырып жатса, кейбір адамдар ақыл-кеңестерін қалдырып жатады. Яғни кім үшін қандай ұғым маңызды болса, соны қалдыруда. Сондықтан да балалар, үлкендердің ақыл-кеңестеріне құлақ асып, байлыққа тасымайтын, жоққа жасымайтын, ешкімнің ақысын жемейтін елдің азаматы болуға тырысыңдар!