Ерекше жаңа жыл
2-сынып оқушысы Әкежан анасы мен әкесінің жалғыз баласы болғандықтан, өте ерке болып өсті. Ата-анасы да ерекше мәпелеп айтқанын екі етпейді. Міне көптен күткен жаңа жыл да келді. Әкежан үшін басқа мерекелерден гөрі жаңа жыл сыйлығы мол, тәттіге тоятын ерекеше күн. Ата-анасы былтырғы жылы бағасы қымбат тұратын ұялы телефон сыйлаған болатын. Аяз ата беріп жіберді деп ата-анасы алдаса да, Әкежан сыйлықтың қайдан келгенін жақсы біледі. Биыл да ата-анасына Аяз атадан қандай сыйлық күтетінін алдын-ала ескертіп қойған еді. Бірақ, жаңа жыл күні түні ақ халатты дәрігерлер келіп, анасын алып кетті. Аң-таң болған Әкежан әкесіне: «Әке, менің сыйлығым қайда? Аяз ата мені биыл ұмытып кетті ме? Анам қайда кетті? Қалай жаңа жылды қарсы аламыз?»-деді жылам- сырап. Сәлден соң телефон шырылдады. Қуана жымиған әкесі: «Сен биыл ерекше сыйлыққа ие болдың , Аяз ата саған іні сыйлады»-деді. Бауырлары бар өзге балаларға ерекше қызғаныш- пен қарайтын, Әкежанның қуанышында шек жоқ. Қатты қуанғаны сондай, қолын шапалақтап секіріп жіберді. Әкежан үшін бұл жаңа жыл ерекше болды. Ол тіпті армандаған сыйлығын ала алмағанына да өкінген жоқ.