13.12.2021
  253


Автор: Жанбай Өзденбаев

Соғым поэзиясы

ПАРОДИЯ
«Сенсіз өмір сүруді білген де емен,
Тұздалмаған соғымсың, сүрленбеген...»
«Сен менсіз». Мұхтар Күмісбек

Соғым поэзиясы

«Тұздалмаған соғымсың, сүрленбеген»;
Түз қазағы етпенен өмір сүрген.
Бабы жақсы қыздар көп, дегенменен
Бұл Мұхтардың түсіне соғым кірген.

Жуылмаған қарынның исі жұпар,
Мұхтар оған аузының суын жұтар.
Faberlic, L'Oréal – мен салыстырса
Шын қазақ еттің исін рахат тұтар.

О, соғым! Түсінем құрметіңді,
Мойныма іліп жүрем суретіңді.
Қызға барсаң алдымен соғым тұздап,
Дайындап ал тартылар сүр етіңді.





Пікір жазу