13.12.2021
369
1 апрель (сәуір) күлкі күніне тақпақ
«Күлкі болу» мейрамы
Алдар Көсе - жырымыз,
Айшығымыз, туымыз.
Алдамасақ біреуді
Адыра өтер күніміз.
Тазша бала - піріміз,
Өтірікке іріміз;
Уәзірі осындай
Отыз елдің біріміз.
Бас иеміз Абайға,
Абай болу оңай ма?
Іс қыламыз пенделік
Сиынып ап құдайға.
Ата салты – заңымыз,
«Виртуалмыз», наныңыз.
Орта ғасыр кеудемен
«Нано» болмақ нанымыз.
Өркениет, еркінбіз,
Ниеті жоқ өркенбіз.
Қол шапаттап ойнаққа
Жетім ойға төркінбіз.
«Демо» күлкі, сән құрып,
Ел боламыз мәңгірік.
«Күлкі болу» мейрамы
Жасай берер мәңгілік.