13.12.2021
  884


Автор: Жанбай Өзденбаев

Қыдыр ата бата бер

Қыдыр ата бата бер,
Және дағы атап бер:
Ғалымдыққа маяк бер,
Надандыққа таяқ бер.

Ұстаздарға – ұлағат,
Ұл, қыздарға -махаббат,
Ұлықтарға – салауат,
Ұрыларға - қанағат.

Бейнетқорға – рахат,
Бейбақтарға -әл, қуат,
Күйреуікке – шапағат,
Елге – ұлтжан азамат.

Көңілшекке - кешірім;
Еріншекке – несібін.
Түзу болсын бесігің,
Түрік болсын есігің.

Жарқын дидар Наурызың -
Жаңа күнің, ырзығың;
Жылдан жылға көре бер
Наурызнама қызығын.





Пікір жазу