13.12.2021
  149


Автор: Жанбай Өзденбаев

Достардың көктемі туған күн


Қайтқан құстың легінде,
Алматының көгінде
Келді биыл тағы да
Туған күнің сенің де.

Алыс ұшқан тырналар,
Достарға сәлем ала бар.
Достық - көктем туған күн
Әлі талай жырланар.

Достық көңіл мәңгілік,
Жайқалады сән құрып.
Бүгін тағы шулайық,
ДОСТАР елін ән қылып.





Пікір жазу