12.12.2021
254
Жеті нота – жеті өзен
Жалғыз жүріп тосылсаң,
Ісіңде жоқ берекет.
Жеті нота қосылса,
Қуаты бар керемет.
Күңіренсе жетеуі –
Көкті торлап мол тұман,
Мұхит болып кетеді,
Тебіреніп толқыған.
Елжіресе жетеуі –
Жыр төгіліп қанатты,
Тойлап таудың етегі,
Бұлақ болып ән ақты.
Даламызда сағымды
Күмбір-күмбір күй ақты.
Жетісудың ағынды
Жеті өзені сияқты.