12.12.2021
  167


Автор: Тілеуғазы Бейсембеков

Дыбыстар

Жұмысың жоқ ел ісімен,
Қойып бізге мың талап,
Дүниеге келісімен
Дауыстадың іңгәлап.

Жаңа туған әр сәбидің
Өз іңгәсі болады.
Сол іңгәдан барша күйдің
Әуені үнге толады.

Дүниеге келгендегі
Анаң алғаш тыңдаған –
Сенің тұңғыш өлеңің де
Басталады іңгәдан.





Пікір жазу