meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.12.2021
  443


Автор: Жарасқан Әбдіраш

Кім не береді?

Әже келеді,
Көже береді.
Ата келеді,
Бата береді.
Әжем мені «Ботам» дейді,
Атам мені «Жотам» дейді.
Мен әжемнің ботасы болам,
Мен атамның жотасы болам.
Әжемнің көжесін ішем,
Атамның батасын алам!..





Пікір жазу