12.12.2021
  257


Автор: Нұрсұлтан Әлімқұлов

Мойынқұмда

Мойынқұмда ел жайлауы,
Ел жайлауы көк шалғын.
Хан тауы мен Жамбыл тауы –
Кең жайлауы достардың.

Қайырмасы:
Мойынқұмда,
Мойынқұмда,
Мойынқұмда жайлауым.
Достарымның дидары,
Жайдары, жайдары,
Ей... Ару қыздар,
Ару қыздар,
Сұлу қыздар – сырласым,
Өздеріңді құрбың жырласын!

Қалалардай сәулеті бар,
Қарабөгет, Талғабай,
Ағыл-тегіл дәулеті бар,
Шудың бойы малға бай.

Қайырмасы.

Жыр алыбы – Алатаудан
Елдің даңқын шарлатты.
Ерлері көп ер атанған
Жазылбектей ардақты.

Қайырмасы.





Пікір жазу