12.12.2021
214
Қайыңның көзіндегі жас
Сол жаннан қызғанасың, сол жаннан қызғанамын!.. Үмітсіз?!..
Өткенді өшіріп тастаған, Уақыт.
Сезімнің орманы... беткейде аршалар жап-жасыл, Күдіксіз,
Гүлдерді көбелек жүреді уатып...
Көбелек қонбаған гүлдерде болмайды қасиет... Ажарсыз!..
Жылылық күткенмен тікенек кірпіден?..
Адам боп қалар ем, жыр жазбай сезімсіз, Ғазалсыз,
Ойларым болмаса санамды сілкіген.
Сенсеңіз, түс көрем, ақшулан бұлттармен арманым астасып,
Сырласым қара түн, ұйқысыз - Ай куә!
Қозы едім, маңырап жетілген, қасқырмен жүремін достасып,
Үндестік!..қиялды ап қашады таң құла!..
Пейіл-ай, көл мен шөл қатар кеп жайғасқан... Шөлдедім!..
Аңсарым биікте шыңырау тас бұлақ.
Атырап сарғайды сағыныш, жаныма күз келді, Өлмедім,
Қайынның көзінде тұр әне жас құлап...
Көрмедім!..