12.12.2021
169
Ұлы сезім
Махаббаттың басы бал да,соңы мұң,
Бал сезімнің ғажабы-ай!
Түсінеді,о басында,оны кім?
Тәтті мұңның азабы-ай!
Жолы ауыр шын сүйетін ғашықтың,
Тартар жеке азабы.
Мезгіл сынды сезім атты уақыттың,
Тарқар бірде базары.
Қайран,дариға,көкте жүрген көңілің,
Жер басады бір күні.
Сонан кейін,аянышты өмірің,
Мысқыл толы күлкілі.
Сүйген жүрек бір-біріне қосылмай,
Ет жүрегің жанады.
Ұлы сезім сағыныш боп таусылмай,
Тәтті мұң боп қалады...