10.12.2021
273
Жай қоңыр
Ертістің арғы жағы – Арқанаты,
Әншінің домбырасы – қолғанаты.
Жағалап Қара Ертісті Естай ақын,
Деп салған “Жай қоңыр” деп әннің атын.
Әуелі біл шіркінді бастау қиын,
Екінші, көптің сөзін тастау қиын.
Төрт сөзің түгелімен келмеген соң,
Барқырап көп алдында қақсау қиын