meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.12.2021
  220


Автор: Мұхит Мерәліұлы

Дүние

Ат басқа, доға басқа, шылия басқа,
Кез келсе қарамайсың, дүние-ау, кәрі-жасқа.
Көзіңе көрінгенді иттей қауып,
Көрсеттің жек көрініш, дүние-ау, қарындасқа.

Алғаның болса жаман бажылдаған,
Кірерсің күнде көрге, дүние-ау, қазылмаған.
Садақа жұма сайын берсең-дағы,
Тап болдың бір ауруға, дүние-ау, жазылмаған.





Пікір жазу