10.12.2021
  119


Автор: Мұхит Мерәліұлы

Демалыс

Жылқыда сұлусынған қара ала аттай,
Мезгілсіз кеш болғанда жүрдім қатты-ай.

Алыстан әдейі іздеп келіп едім,
Сөзіңді естиін деп балдан тәтті-ай.

Домбыра екі ішекті қолға алдым,
Сол үшін он екі алуан әнге салдым.

Алыстан ат сабылтып келіп едім,
Ақ жүзің бір көрсем деп қалқажанның.





Пікір жазу