10.12.2021
  156


Автор: Мұхит Мерәліұлы

Алуаш

Беліме асынғаным бұйда пышақ,
Көрдім де ақ жүзіңді жайдым құшақ.
Ақ Алуаш, отырмысың, жатырмысың,
Айдында жалғыз жүзген аққу құсап.

Сәулелі сенен сұлу көкте ай жоқ,
Сағынып іздемеске менде жай жоқ.
Барғанда әдейі іздеп елемесең,
Болғаның махаббатқа атқандай оқ.





Пікір жазу