10.12.2021
  219


Автор: Мұхит Мерәліұлы

Айнамкөз

Салмасам “Айнамкөзге” ән болмайды,
Кимесем екі бешпент сән болмайды.
Ойнасаң өзің теңдес жаспен ойна,
Ол-дағы алғаныңнан кем болмайды.

Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,
Біреудің мен де өзіңдей боз тайлағы.
Есіме, беу қарағым, сен түскенде,
Қайнайды зығырданым қай-қайдағы.





Пікір жазу