10.12.2021
  216


Автор: Өтебай Тұрманжанов

Жаңа туған жас бұлақ

Жаңа туған жас бұлақ
Жадырап жазды қарсы алды.
Тебініп тасты атқылап,
«Жолымды аш!» деп жар салды.

Тастан тасқа ойнақтап,
Толқын атып, күледі.
Тауда туған мұз балақ
Биік құздың түлегі.

Такаппар, долы, толқын жас,
Тасты тесіп тіледі.
Жазыққа шықпай жай таппас
Оның сері жүрегі.





Пікір жазу