10.12.2021
  181


Автор: Өтебай Тұрманжанов

Өс, Ұлан!

Сау болсын десең
Он екі мүшең -
Ерте тұр!
Құлақ түр,
Тыңда сыр.
Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт!
Таза ауа жұт!
Бойыңа – құт.
Жүгір,
Селмен жарысып.
Жүгір,
Желмен жарысып.
Нұрға сылан,
Болып қыран,
Өс, Ұлан!





Пікір жазу