10.12.2021
273
Осы – біздің Оңтүстік
Қауашағын қақ жарған,
Ақ мақтасы-ақ маржан.
Алмасы аппақ ақықтай,
Жүзімі бар жақұттай.
Түні салқын, күні ыстық,
Осы – біздің Оңтүстік.
Қарбызы бар келідей,
Қауыны аттың беліндей.
Асқабағы аяқтай,
Пиязы бар табақтай.
Түні салқын, күні ыстық,
Осы – біздің Оңтүстік