meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.12.2021
  225


Автор: Өтебай Тұрманжанов

Қарабай-ау, Қарабай!

Қарабай-ау, Қарабай!
Шаш қойыпсың тарамай.
Өсіріпсің қарамай,
Басың болды шарадай!
Басты баптап күтпесең,
Жүрмесін іске жарамай!
Тазалық керек басқа да,
Тазалық керек шашқа да,
Тазалық керек асқа да.
Шашы ұзын, таза, келісті,
Болсаңшы анау сорадай!





Пікір жазу