10.12.2021
  402


Автор: Өтебай Тұрманжанов

Нан қиқымын шашпаңдар

Нан – ардақты адал ас
Кәрі, жас одан аттамас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
Нандай жоқ қой асыл дәм,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы -
Нан қиқымын шашпаңдар,
Теріп алып, қастерлеп.
Торғайларға тастаңдар.





Пікір жазу