10.12.2021
  259


Автор: Өтебай Тұрманжанов

Ай мүйізді ақ қошқар

Ай мүйізді ақ қошқар,
Ай мүйізді ақ қошқар.
Аппақ жылы тоны бар,
Ақ тақтайдай жоны бар.
Маңдайында дөңі бар,
Мойнында меңі бар.
Қойды айнала байқайды,
Ауыр басын шайқайды,
Қотанын сақ қорғайды,
Ит - құсыңа болмайды,
Ақ қанжарын сермейді,
Төлін жауға бермейді.
Қасқыр келсе, сүзеді,
Омыртқасын үзеді.





Пікір жазу