09.12.2021
  617


Автор: Жібек Ысқақова

Мереке құтты болсын мемлекеттік қызметкерлер!

Бүгін шаттық мереке қуанатын,
Кәсіби бұл мереке бақыт сыйлар.
Қызметкерлер күні бұл құтты болсын,
Бар жақсыны қасына үйіп, жинар.

Жұмысыңыз жанданып, сәтті болып,


Әрбір күні қуаныш алып келсін.
Кәсіби бұл мереке бақыт сыйлап,
Жарық етіп жұлдызын жағып берсін.

Абыройлы, мерейлі боп ел алдында,
Әрбір жұмыс сәттілікте жалғансын тек.
Аман болып отбасы, жақыныңыз,
Бар жақсылық сіздерге арналсын тек.





Пікір жазу