08.12.2021
  261


Автор: Базаралы Оралай Нұрлыбекқызы

Әр заманның қозғаушы күші- Жастар.

      Жастар- бұл елдің үмітін, сенімін ақтаушылар.Бұлай деп айтуымның себебі, кез-келген халық жастарға үміт артып, олардың елдің болашағын жарқын етеріне, білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеріне кәміл сенімді. Ал ол үшін бүгінгі аға буындарымыз жастардың әрбір ісін қолдап, шалыс басқан жерінде демеп, дұрыс жол көрсетуге тиіс. Осы кезекте біз аға буындары мен жастардың ойын білгіміз келген болатын. Бір қызығы әр қайсысының ойы әр түрлі. Бірі дұрыс жастарға жол көрсетіп отыру керек десе, енді бірі әр кім өз ойымен жүруі тиіс, қазіргі жастар үлкендерді тыңдағысы келмейді- деп айтып жатты. Қарап отырсақ елге ақыл айтатын ағаларымыздың саны күн санап азайып барады. Оның себебі, көпке топырақ шашпайық әрине, алайда кейбір ағаларымыз өздері ақыл тоқтатудың орнына жас бала секілді ақымақтық жасауларын қояр емес. Мұндай заттарды көріп өсіп келе жатқан жас ұрпақ әрине үлкендерді тыңдамайды. Тыңдамаушылықтың зардабынан көп жастарымыз теріс ағымға бет бұрып барады. 


        Менің ойымша айтылып отырған дүниенің бәрі уақытша секілді. Өйткені, жастардың көп бөлігі елдің болашағы да, үміті де Жастар екендігін түсіне бастаған. Қалай дейсіз бе? Онда сізге былай жауап берейін, соңғы жылдары Қазақстан цифрлық жағынан, өнер, иновация жағынан қарқынды даму үстінде. Мысалға айтар болсақ, неше түрлі роботтар, компьютерлер, машиналар шығарылап жатыр, жастарымыз өзге елдерді өз өнерлерімен күн сайын қайран қалдырып жатыр. Ал бұның бәрі жалынды жастарымыздың арқасында.


        Болашақ жастарды қалай елестетем?


        Мен болашақта аяғына нық тұрған, өз өзін жан-жақты дамыта білген, жарқын болашағы бар, еңбекқор, өмірден өз орынын кешікпей таба алатын жастарды елестетем. Себебі, қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші- жастар болып қала бермек. СОл үшін де жастар әр кезеңнің сынағына аянбай төтеп бере алуы керек. Мен де жас маман ретінде, елімнің болашағы үшін еңбек етемін. Таңдаған мамандығымның арқасында көп нәрсені біліп және ізденіп келемін. Алдағы уақытта өзімді, қазақ жастарын биік шыңдарды бағындырған ұрпақ боларына сенемін.


 


 


    Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетінің Журналистика факултетінің 1 курс студенті Базаралы Оралай Нұрлыбекқызы.





Пікір жазу