06.12.2021
  414


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңыз құтты болсын ұстазым!

Жаны таза ұстазым дара тұлғаң,
Мейірімді есесің қанатыңнан.
Шәкірт үшін жақсыны аямайсың,
Ұстаздарым шәкірт үшін жаратылған.

Ұстаздарым құтты болсын жаңа жылың,
Жақсылыққа бастайтын жаңа күнің.
Абыройды асқақтатып бұл жаңа жыл,
Шыға берсін ұстаздар шаттықта үнің.

Аман болсын туыстар, отбасыңыз,
Әуеніне тербеліп жаңа жылдың.
Жаздай жайнап жадыраңыз ұстаздарым,
Бар қуаныш сыйлап көптеп жаңа күнің.





Пікір жазу