04.12.2021
  214


Автор: Әли Ысқабаев

Ғажайып

Өмірде көп-ақ қой ғажайып,
Қалмайтын ешқашан азайып.
Ал, қане, саусақпен санайық,
Дәптерге мәнерлеп жазайық:

Атамның ән-күйі ғажайып,
Әжемнің ән-күйі ғажайып.
Апамның мейірі ғажайып,
Әкемнің пейілі ғажайып.

Әкемнің ақылы ғажайып,
Ағамның нақылы ғажайып.
Сіңлімнің ізеті ғажайып,
Інімнің ниеті ғажайып.

Бөпемнің күлгені ғажайып,
Бәрін де білгенім ғажайып.
Бөлмеген іргені ғажайып,
Үлгі алып жүргенім ғажайып.

Осындай жақсы әдет ғажайып,
Қалмасын ешқашан азайып.





Пікір жазу