03.12.2021
280
![](/uploads/shorttexts/author_image/qfraoe2fx3m.jpg)
Жалған
Жалғаны көп жалғанда - әділ болу тым қиын,
Әр күніңе, әр сәтке шүкір ет те, шын сүйін!
Бізге мәлім, беймәлім шешілмеген көп түйін,
Айыра алмай ақ жолды қатып кетер бас, миың.
Арсыздардың ішінде - адал болу тым қиын,
Әуре болма дәлелдеп, кетер текке құр сиың!
Сен келсең де, кетсең де, бұл өмірге бәрібір,
Мәнін ұқсаң сөзімнің бір Аллаға сен, сыйын!