03.12.2021
  805


Автор: Дилбар Маликова

Кешірім сұраймын!

Мен бүгін кешірім сұраймын!
Жастығыма ыстық жасым тигені үшін,
Суық сөзге жанымның күйгені үшін.
Өзімнен де, биік көріп өзгелерді,
Жүрегімнен орын беріп сүйгенім үшін.

Мен бүгін кешірім сұраймын!
Гүл бейнем күтімсіз солғаны үшін,
Көңілге таудай шер толғаны үшін.
Өткеннің өксігін ұмытпай,
Жадымда мәңгі дерт қалғаны үшін.

Иә, мен өзімнен кешірім сұраймын!
Жабырқатып жанымды жылатпаймын,
Өз - өзіме ешқашан кінә артпаймын.
Бір бұрышта отырып мұңаятын,
Тұйық қызды енді мен ұнатпаймын!

Мен өзімнен кешірім сұраймын!
Бұйыртса бақытты болашақ құраймын.
Әлдекім кінә артса елемей,
Күлем де, өзіме - өзім ұнаймын...





Пікір жазу