03.12.2021
618
Құрбым, жаңа жылыңмен!
Айдай жүзі баурап алар жан құрбым,
Жаңа жылмен құттықтайды бұл құрбың.
Аппақ қардай мінезің бар жұм-жұмсақ,
Күн нұрындай шуақ шашар гүл құрбым.
Жаңа жылың құтты болсын кеп жеткен,
Ән жырымен жан дүниеңді тербеткен.
Жаңа күнің қуанышын сыйласын,
Табысымен қуандырып өрлеткен.
Мықты болсын алтын құрбым саулығың,
Қуанышты жалғап шаттық әр күнің.
Бақ-береке әкелсін деп тілеймін,
Мол табысын құрбым саған бұл жылың.
жаңа жылға тілек жаңа жылмен құттықтау жаңа жыл жаңа жылдық тілектер құрбыма тілек құрбыма жаңа жылға тілек құрбы