03.12.2021
  598


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылға тілек досыма

Жаңа жылдың атты міне ақ таңы,
Жаңа жылдың жауып аппақ ақ қары.
Бұл жаңа жыл досым бақыт сыйласын,
Жан дүниеңді тербеп қысқы бақтары.

Жаңа жылың қуандырсын өзіңді,
Бар жақсыны досым саған тілеймін.
Жаңа жылың табысты жыл болсын деп,
Амандықта ортамызда жүр деймін.

Өміріңде қиындықтар болмасын,
Раббым Алла бір өзіңді қорғасын.
Жаңа жылдай жарқырай бер бауырым,
Бар қуаныш, шаттық тауып жалғасын.





Пікір жазу