03.12.2021
334
Әжеме жаңа жылға тілек
Еркелетіп өсірген әжетайым,
Амандықта қасымызда болшы дәйім.
Құтты болып жаңа жыл есік ашқан,
Қуанышын сыйласын әркез лайым.
Көктемдейін әр күніңіз көктей берсін,
Бар жақсылық әже сізге беттей берсін.
Бақыт сыйлап әр күні жаңа жылдың,
Қуанышын Раббым Алла көптей берсін.
Бала-шаға аман болып, отбасымыз,
Немеренің қызығын көріңіз сіз.
Шөберенің қолынан майын жалап,
Әжетайым саулықта болыңыз сіз.
жаңа жылдық тілектер жаңа жыл жаңа жылмен құттықтау жаңа жылға тілек әжеме тілек әже жаңа жылыңызбен әжеге тілек әжеме жаңа жылға тілек