03.12.2021
  490


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылға тілек АТАМА

Әулетіміздің басшысы ата өзің,
Жанымызға дем берер әрбір сөзің.
Маңдай термен еңбек етіп, шаршамадың,
Өн бойыңа жинап ап сабыр, төзім.

Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен,
Жаңа күндер көп болсын бақытты еткен.
Жүз жасашы аташым, шаршамағын,
Ай жылдарың жалғасып көңілді еткен.

Бұл жаңа жыл жақсыны сыйласын тек,
Жүрші ата қасымызда сен күлімдеп.
Сенің жүзің нұрлана, күлім қағып,
Жан дүниеңді тербесін ән, жырың тек.  





Пікір жазу