03.12.2021
  391


Автор: Ғибратты әңгімелер

Сүйінші хабар

Әбу Идрис Хауалани Муғаз ибн Жабалға (р.а.):


– Мен сені Алла үшін жақсы көремін, – деген кезде, Муғаз (р.а.) оған:


– Саған сүйінші хабар айтайын, мен Алла Елшісінің (с.ғ.с.): «Қиямет күні Аршының айналасына бір топ адам үшін орындықтар дайындалады. Олардың жүздері он төртінде толған айдай болады. Адамдар үрейленген кезде, олар үрейленбейді. Адамдар қорыққан кезде, олар қорықпайды. Олар өздеріне ешбір қауіп пен қайғы болмаған Алланың достары. Бұлар бір-бірін Алла разылығы үшін жақсы көрген адамдар» дегенін естідім, – дейді.





Пікір жазу