Отбасыма оралсам
Мен 1985 жылы мамырда Ақылаймен тұрмыстандым. Тұңғыш перзентім – қызымыз Әлида. 1986 жылы наурыздың 21 күні, күн мен түн теңелгенде дүниеге келді. Қазақи қағида бойынша, Әлида емшектен шыққан соң әке-шешем қолдарына алды. 1987 жылы шешем қайтыс болған соң, әкем Әлиданы інісі Мұқанғалиға бере салыпты. Кіші әкемнің қатыны тумаған адам болатын. Қызды апарып атын Әлмираға өзгертіп бауырына салып бағып алыпты.
1988 жылы мен операция болып ауырып жатқанымда екінші перзентім ұлым – Ақнар дүниеге келді. Аяулы ұлым бір жасқа толмай шетінеп кетті. Ақылай екеуміз мәңгілік арманда қалдық.
Ал әзір қолымызда құдай бере салған құлынымыз Нұрсәулет бар.
Тұңғыш қызым Әлида жат ананың құшағында жүр...
Қызымызды бақытсыз етіп қойдық – ау деп мазасыз тірлік кешіп жатырмыз.
Қызым : түбінде бір, өз әке –шешеңді табарсың?!..
8.12.1995 ж.
Мұңғұлкүре-Шапшал.