02.12.2021
  203


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Мұқашқа Сәлем

Мұқаш-ау, Мұқаш, қалайсың?
Шыңдаған шығар талай сын.
Мына бір мұңлы бауырыңды,
Арзанға сірә, балайсың.

Есімнен ешбір қалмадың,
Алдыңа бара алмадым,
Қараша үйіме, хан жігіт,
Ат ізін неге салмадың?


Арман көп білем айдында,
Талдыңба, бауыр, талдың ба?
Кей ісім жақпай кейітіп,
Ренжіп әлде қалдың ба?

Санап та жүрмін сені ер деп,
Болжаса сенім сенер ме ек?!
Жолыңды тостым жыл болды,
Жан бауыр қашан келер деп?





Пікір жазу