02.12.2021
156
Керім Елемес
Қарық болдым Керім дос хатыңды алып,
(Қарық қылар бір жақта қатын қалып).
Бір-ақ ауыз сөзбенен бірін-бірі,
Қарық қылып жатады ақын халық.
Ақын тілер ақынның амандығын,
Ақын таныр адамның адамдығын.
Тықыршиды апыр-ай тықыршиды,
Жердің бетін баса алмай табан бүгін!
Қыран өлсе қияда, биікте өлер,
Қыран жанын намысқа қиып берер.
Ақын өлсе адамдар арасынан,
Ақын жаны алдымен күйіктенер.