02.12.2021
258
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ҚАСЫМБЕК ЖЕЗДЕМЕ
Сәлем, жезде Қасымбек!
Сағыныш деген басым кеп,
Шаққа тұрмын қыстығып,
Жанарыма жасым кеп.
Сәлем, әпке, жиендер!
Сәлем қымбат – сүйем жер!
Құшағына тартатын,
Құдіретті киең бе – ел?!
Тартты талай бар үй дерт,
Жылдар бойы зар илеп.
Тірімен тағы таныстық,
Осы да таудай ғанибет!
Жасыттық жалын жігерді,
Санаға сайтан жын ерді.
Бетпақ заман безерді,
Безердей қылып жіберді.
Заман да сұмдық түнерді,
Қаптап қалың мұң елді.
Бақытсыз қайран бауырлар,
Мыңы кетті, мыңы өлді.
Төзім де тозды, тауыстық,
Ақылдан, естен ауыстық...
Жоғалып барып оңалып,
Әйтеуір әрең қауыштық.
Бауырын жатқа қиған ба ер?
Осы ғой жасты тиған жер.
Тіріге бақыт, өліге –
Бір Аллаһ өзің иман бер!