02.12.2021
  193


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ҚАРҒАНЫҢ ЖАУАБЫ

-Қайдан жүрсің қарқылдап,
Қара қарға қарағым?
-Туған жерді төрт маусым,
Қарашықтай қарадым.

-Оның жақсы қарғатай,
Бірақ қарқыл жараспас?!
-Әсем үнім бұл менің,
Әлемде одан ән аспас!





Пікір жазу