02.12.2021
165
ҚАҢҒЫБАС ДОСҚА
Далақтап босқа даңғаза досым даңғырға,
Қарасқын үйге, қатып-ап көше қаңғырма.
Үйірлі жанның үлгермей үйде тоқашы,
Үш күнде жарың тығады басын тандырға.
Көшеге күнде қатып-ап досым қаңғырма,
Ашысын жаның, жалынға жарды жандырма.
Әлекте жүрген әйелің үшін әйтпесе,
Бір жолға қане тығып көр басты тандырға?!
Білерсің сонда әйел мен оттың қандайын,
Бетің де күйіп, кеберсіп кетер таңдайың.
Аяулы жарды аяла досым сол үшін,
Жар барда сенің жарқырап тұрар маңдайың.