meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.12.2021
  248


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ҚОНАҚ КЕЛСЕ

 


 


Айырмай адамдарды түр-түсіне,


 


Қарағым, қабақ шытпа бір кісіге.


 


Қонақжай халықпыз ғой қазақ деген,


 


Ата-салт дәстүріне кір түсірме!


 


 


 


Қарама ұлтына да, дініне де,


 


Қарама қара құрсақ мініне де.


 


Төріңнің төбесінен орын бергін,


 


Ағаға, мейлі кіші ініге де.


 


 


 


Қарама беделіне, есіміне,


 


Қарама қалтасының тесігіне,


 


Бірдей көр, кім болса да сыйла бәрін,


 


Құдай қонақ келген соң есігіңе.


 


 


 


Қабақтң қасиетін біліп көр сен,


 


Қанеки, бас тартсаң да түріп көр сен.


 


Қонақ көзі қабақта, тамақта емес,


 


Бал татыр қара шайың күліп берсең.





Пікір жазу