02.12.2021
293
ЖЫЛДАР-АЙ, ЖЫЛДАР
Тағы тұрмын бір жылыммен қоштасып,
Айырылғанда аһ ұрғандай қос ғашық.
Жыршыл құстар жылы жаққа кетті ұшып,
Кетті қырдан шуатылған көште асып.
Кетті жылдар жастығымды мәңгіге ап,
Кетті аяулы көкіректе ән құлап.
Кетті бақыт жаралы боп жас қыздай,
Қара түнде қара киіп қан жылап.
Кетті аруым – арман, артқа қайырылмай,
Өтем деуші ем өмірде одан айырылмай.
Қылшылдаған қиял кетті қыр асып,
Үйірін қуған асау ақжал айғырдай...
Жылдар-жылдар сендерге не жазығым?
Тағы менің көбеюде әжімім.
Демесем де қайғы жұтып қажыдым,
Ләйлім сенсің, ал мен болсам Мәжнүнің.