02.12.2021
  180


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ШЕШЕМНІҢ ШЕРІ (баллада)

— Бүгін өмір керемет қой кешеден,
Кім-кімнен де кем еді айтшы шеше нең?
Күн бойына жүресің көп күрсініп,
Көкірегіңді қарс айырған не «шемен»?!

Бәрі бар ғой, бәрі де бар алдында,
Тіпті несін берілесің зар мұңға?
Әлде шеше артық айтсам кеше гөр,
Жастығьщды есіңе алып қалдың ба?

Мың қой айдап жүрген заман жесір мал,
Кердеңдеген кейбіреуде кесір бар.
Бақыт, байлық жетіп жатыр басыңа,
Қайгыратын шеше, сізде не сыр бар?

Күрсінумен түбі терең ойды да,
Шеше, өтінем, қүрсын енді қойғын ә?!
Қартайыпсың азабымды арқалап,
Енді сізді көтерейін мойныма!

Ақжаулыгын түзеп салып бастағы,
(Күңгірт тартып тұр-ау білем аспаны).
Біраз үнсіз отырды да ой кешіп,
Бір күрсініп шешем сөзін бастады...

-Айналайын ақылыңнан, құлыным,
Ана разы ақылына ұлының.
Айтқаның шын шешең бүгін қартайып,
Азды ақылым, тозды жүйке-жұлыным.

Аяқ құрғыр аттап бассам зіл батпан,
Ауысқан-ау мезгіл жетіп күзге ақпан.
Бірақ, балам, қайғысы емес қарттықтың,
Басқа қайғы жүрегімді сыздатқан.

Майы азайған жарығы әлсіз шамдаймын,
Бір жалп етсем енді мәңгі жанбаймын.
Жүрегімді жұлып жатқан бір мұң бар,
Тез айттыңыз шеше сірә қандай мұн?

Аптықпа, ұлым, айтарымды бөлмегін,
(Алды алқына осы арада ол демін).
Жетпіс жылда бәрін көрді бұл шешең,
Көрмегенім жалғыз ғана өлмедім.

Рас, ұлым, өмір ғажап өзгерді,
Естімеген кереметті көз көрді.
Өз еліміз өрге орлеп барады,
Білмесем де алыстағы өзге елді.

Біреулерден кеттік біз де ерте озып,
Біреулер де кетті бізден ерте озып.
Ел жаңарды дегенмен де еліріп,
Есесіне кеткен жоқ па жер тозып?!

«Темір өгіз» сүйретіп ап соқасын,
Жырымдады жер ананың жотасын.
Көмір іздеп, алтын іздеп тау-тастың,-
Шығардық қой шимай қорыс-қопасын.

Озбыр больш кеттік екен ой нағып?
Құдаймен де қалжыңдасып ойнадық.
Басына әрең жетіп жатқан байлығын,
Табиғаттың бермесіне қоймадық.

Орман тоғай жатыр күнде қырқылып,
Аң құс қайда айрылатын жыртылып?
Жауыздығын көргенде осы адамның,
Өліп кеткім келеді әттең бір тұрып!

Көктемде де көгермейді қырат-қыр,
Жылғаларым қазып аңсап жылап тұр,
Өзен-көлді көрсем өзек өртеніп,
Көкейімде күңіренген сұрақ түр...

Туып жатыр қаскөйліктен қанша өлім?
Соны көріп көбік шашты жан шерім.
Жер бетіне жегі құрттай жармасып,
Сона болып сорып біттік қан-сөлін.

Жан бар ма екен жан ашитын жалған-ай?
Қайран жерім қан қақсап мың қалғаны-ай!
(Тағы да бір осы арада кұрсініп,
Шешем сөзін жалғай берді ары қарай).

Талай заман тьшьш жатқан зиратты,
Қүрылыс салып осы адамдар қиратты.
Аза бойым қаза болды шашылған,
Көрген кезде бастар менен сирақты...

Адамдарға арзан болды арды аттау,
Саналарда болмады арды салмақтау.
Көңкесіне жер астынан май іздеп,
Көрлігінде әруақгы да зарлатты-ау!

Қайғым осы білер болсаң, қарағым,
Тырнап аштым аузын ащы жараның,
Бабаларым, аналарым, әруақтар, ​
Қастарыңа қай бетіммен барамын?!

Қайтем бірақ адамдарды жамандап,
Тілейтінілм сағат сайын саған бақ.
Аспан біркүн аударылып кетердей,
Жүрмін, балам, осы күні алаңдап...

«АҺ!»- деді де, аузына алып Қүдайды,
Осы жерде Шешем қатты мұңайды.
Жас жуыпты жүзіне оның қарасам,
Жыласа анаң жаның қайтып шыдайды?!

Шыдамадым мен де айрылдым төзімнен,
Жас домалап кетті ыршып көзімнен.
Жылап тұрып жан-жағыма жалтақтап,
Үялғамын өзім алғаш өзімнен.

«Болсын,-деді шешем жылап-еламан!»...
Жыламашы, шеше деймін мен оған.
Көз алдымда орман-тоғай зарланып,
Жылап жатқан сияқтанды жер анам...

Құлағыма кенет үрей үн келді,
(Батып бара жатты басып күн белді).
«Сықыр» еткен сияқтанды о, сұмдық,
Әруақтар ма ту сыртыма кім келді?

Дір-дір етіп қорқып бара жатырмын,
...деп жүріптім мен өзімді «батырмын».
Жақындады... «Шеше!» дедім шошына.
Қүшағына шешемнің кеп атылдым!





Пікір жазу