02.12.2021
  191


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

НАУРЫЗ ТОЙЫ

Қаламыма қол создым мен тағы да,
Жүрегіме жүгіндім ем табыла.
«Той дегенде қу бас та домалар»-деп,
Келмеді деп кейіме ел, кемтарыңа.

Жүргені жоқ балаңды ойын арбап,
Тереңіне тартады ойым әр уақ.
Қара үлыңның сәлемін қабылда елім,
Жыр жолдадым Наурыз тойына арнап.

Далаға шық қазағым, қусаң дүбір.
Дүбір қуші кетеді мың сан ғұмыр.
Наурыз келді, нақұрыс аяз қайтып,
Жер ананьщ кіндігі бусанды бір.

Көже қүйып аналар көпке асыға,
Аман сау.лық тілейді отбасына.
Жерің түгіл бусанған наурызда,
Самарханның жібиді көк тасы да.

Далада той дәл бүгін ұлан-асыр,
Ұлан-асыр айтқысыз мына ғасыр.
Тоя ішіп-ап көжені көңіл шалқып,
Наурыз тойда шырқатқан жыр-ән асыл.

Бата беріп қарттарым қарық бүтін,
Батагөй ғой бүл қазақ жарықтығың.
Көже ішіп-ап көктемгі көк өзекте,
Білдірмейді жұрт түгел арықтығын.

Тойда толы барша жүрт бас қосылар,
Дарқандығын танытар аста осылар.
Бүл Наурыз төре той жылдың басы,
Асыңа — ас, жасыңа - жас қосылар.

Қала да мәз, дәл бүтін дала да мәз,
Үлкен де мәз, әуелі бала да мәз.
Қайда барсаң көңілді күлкі даусы,
Қазақ барда қалжыңмен қала ма наз?!

Біздің қазақ ежелден мерекелі ел,
Келмесіне кетті ғой келекелер.
О, Наурыз!
Сенде айтар тілек мынау,-
Елге амандық, жерге құт, береке бер!.

Бір жасайын шығып-ап жыр тағына,
Балбырауда тау-дала, күн табына.
Ақ тойыңнан айналдым ата қазақ,
Салтың Алтын сақталсын —ұрпағыңа!!!





Пікір жазу