02.12.2021
216
АТАНЫҢ АЙТҚАНЫ
Тағдырдың талай кеудені керіп өртіне,
Сексеннің биыл келіппін терлеп төріне.
Өмірдің жаңа есігін ашқан сәбидей,
Дүние, сенің қараймын қанбай көркіңе.
Үстіңде тұрмын ызғары қатты қырқаның,
Осынша неге асығып, тоба, шырқадым?
Қайрылып бүгін қарасам қалған артыма,-
Үялмай айтар сүріппін ғұмыр ұрпағым.
Кетпей жүр бүгін қүлақтан әлсіз ызың үн,
Сызғандай сірә алдыма Алла сызығын.
Көз жұмсам енді, күндерім, сендер көріңдер,
Атаңның талай көре алмай қалған қызығын!
Өкініп титтей отырған жоқпын өткенге,
Өмір-ай, саған артатын жоқ қой өкпем де.
Өштім деп бірақ айта алам өмір алдында,
Жауқазын үрпақ жапырақ жайса көктемде!