02.12.2021
178
АҚЫН КӨҢІЛІ
Елім деп соққан жүрегім,
Езіліп кете жаздап жүр.
Еркелеп қойса есті қыз,
Туады оттай маздап жыр.
Бұрылар ел деп бүйрегім,
Бұзылып кете жаздап жүр.
Бұрылмай кетсе бұйық қыз,
Туады тағы маздап жыр.
Көп десе көл, көңілім,
Сарқылып кете жаздап жүр.
Белмесе көңіл кербез қыз,
Туады тағы маздап жыр.
Күн болып күлген күлім көз,
Соқыр боп кете жаздап жүр.
Көзге ілмей кетсе көзсіз қыз,
Туады тағы маздап жыр.
Ақымақ қыздар, ақыннан,
Ат-тонын ала қашуын...
Қыз үшін ақын «қырғын» сап,
Жырынан алар ашуын!
Бүлініп жатқан бір байғұс,
Кеткендей қыздар атын ап.
Ақылды бірде десек те, —
Ақын да бірде — ақымақ!