02.12.2021
  154


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

АЙНАЛАЙЫН АТАЛАР

(Жаназа алдында жазылған жыр)

Қайтыс' болды бір қария, қазадан,
Жазылмайтын кәрілік атты «жазадан».
Қара желі қара суық қазанның,
Мұң толғады бір үрейлі азадан...

О, дүниеге сапар шеккен осы адам,
Тоқсан бір жыл жер бетінде жасаған.
Қабыл көріп қайсар мінез қартыңды,
Құшағьща қара жерім, бас анам!

Тоқсан бір жылтоғыз жыл кем, бір ғасыр,
Бір ғасырға сақтап келген сырды асыл.
Біле білсең бүгінгі ұрпақ бақытты,
Біз дегенің бұл өмірге бір масыл.

Қайран құрыш сүйегі асыл аталар,
Ата барда ақ тілеу бар, бата бар.
Аталармен қара жердің қойнына,
Бірге кетіп бара жатыр баталар.

Аталар-ай, қадіріңе жетпедік,
Сендер барда сенімді едік, текті едік.
Атасы жоқ, батасы жоқ ал бүгін,
Алаңы көп бір ғасырға беттедік.

Айналайын көңілі көл. аталар,
Ағайынға ат беретін ат алар.
Ал бүгінгі дүниеқор пенделер,
Ақша үшін арын-дағы сата алар.

Ағайынның айырмаған арасын,
Аталарым, неткен асыл данасың ?!
Ал біздердің арамызда араз көп,
Амалым жоқ, осыған таң қаласың!


Айналайын, әруақты аталар,
Жақсылардың жаныңда иман, жатады ар.
Қайырымсыз қария болып қартайсақ,
Арттағы ұрпак бізленкандай бата алар?

Қайтыс болды бір қария, қазадан,
Жазылмайтын кәрілік атты «жазадан».
Қара желі, қара суық казанның,-
Мұң толғады бір үрейлі азадан...
Қазір міне, оқылады Жаназа!..





Пікір жазу