02.12.2021
  164


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

КЕШІР МЕНІ


Қиын екен қиялдың есіргені,
Сайтан отын санамда неше үрледі.
Кей-кейде бір кермені кетсем үзіп,
Ақботажан, ондайда кешір мені!

Бұл тентегің басынан не сүрмеді,
Сезім деген жас қалған жесір ме еді?
Кей-кейде бір жел мінез желікке ерсем,
Ақботажан, ондайда кешір мені!

Сезімшіл қып жаратқан несін мені?
Ұмытылмай қойғаны есімдегі.
Кей-кейде бір сағынсам кешегімді,
Ақботажан, ондайда кешір мені!

Өзің жаққан отыңды өшірмедім,
Мүмкін емес ол отты өшірмегім!
Кей-кейде бір, су тиіп бықсып қалсам,
Ақобтажан, ондайда кешір мені!

Қиын екен қиялдың есіргені,
Сайтан отын санамда неше үрледі.
Кей-кейде бір кермені кетсем үзіп,
Ақботажан, ондайда кешір мені!

Бұл тентегің басынан не сүрмеді,
Сезім деген жас қалған жесір ме еді?
Кей-кейде бір жел мінез желікке ерсем,
Ақботажан, ондайда кешір мені!

Сезімшіл қып жаратқан несін мені?
Ұмытылмай қойғаны есімдегі.
Кей-кейде бір сағынсам кешегімді,
Ақботажан, ондайда кешір мені!

Өзің жаққан отыңды өшірмедім,
Мүмкін емес ол отты өшірмегім!
Кей-кейде бір, су тиіп бықсып қалсам,
Ақобтажан, ондайда кешір мені!





Пікір жазу