02.12.2021
  195


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

АДАСҚАН АРМАН АҚБОТАМ

Бақыт бар жерде қайғы бар,
Дегенде онда сенбеппін.
Жаным деп жүрсем жанды ұғар,
Жары боп жаттың сен кеттің.

Сенбейтін болсаң сертіңе,
Сезіммен неге ойнадың?
Қарық боп ғашық дертіне,
Жиырмада терең бойладым.

Бақыт бар жерде қайғы бар
Екенін енді ойладым.
Азабын білсем айырылар,
Өзіңмен неге ойнадым?!

Айтып кет шашып шапағат,
Шынымен сонда сүйіп пе ең?!
Кінәсіз сәби махаббат,
Өліп те кетті-ау күйіктен!

Көрсетіп жылдар жотаңды,
Алға озып кеттің бәрінен,
Адасқан арман ботамды,
Таба алмай келем әлі мен.

Атырдым жалғыз бақта таң,
Жанардан жасым жиі ақты.
Азапқа салдың Ақботам,
Шипасыз сырқат сияқты.

От едің, от бар көзіңде,
Өртенген мен зар бір кісің.
Бота едің жаным өзің де,
Бота боп боздап жүрмісің?!

Жыр жазьш зәру зар-мұңнан,
Сағынып жүрек жыласын.
Бір күні әйтеуір алдымнан,
Шығатындай боп түрасың.





Пікір жазу