02.12.2021
173
АЙ МЕН АРУ
Шашыңды желге тарап, қымбаттым-ай,
Табынтып алдың барлық сымбатты бай.
Көп тұрдың күбірледің көкке қарап,
Жұлдыздар жымыңдасып тіл қатты ма ай?
Ай тұрды саған ару сызданғандай,
Әлемнің сұлулығын қызғанғандай.
Сен тұрдың жүрегіңді нұрға малып,
Сымбатын сұлу түннің сызған жандай.
Ақ іңір, Алтын сәуле аққандай нұр,
Бар әлем балқып бара жатқандай бір.
Таласып екі сүлу сұлулыққа,
Назданып ару жерде, аспанда Ай түр.